"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданының білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының Біржан сал атындағы балалар музыка мектебі" МКҚК
ГККП "Детская музыкальная школа имени Биржан сал города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күй атасы-Құрманғазы!» атты аудандық байқау –фестивалі

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай

«Күй атасы-Құрманғазы!» атты

аудандық байқау –фестивалі сценариі

Қазақ ұлттық аспаптар оркестірі Асланбек  Сұлтанбеков  «Домбыра»

Фанфары ойнайды.

Ортаға жүргізуші шығады.

 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті өнерсүйген қауым, ұстаздар, оқушылар! Бүгін Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінде  алғаш рет ауданымыздың  орта мектеп оқушылары арасында  өткелі отырған                                               «Тәуелсіздік күні» мерекесі орай «Күй атасы-Құрманғазы!» атты

аудандық күй жанрындағы  байқау –фестиваліне  қош келдіңіздер!

Байқауымыздың  мақсаты  «Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп-жетілді. Бүкіл әлемді аузына қаратқан ғажайып дарын иелері де бар. Олар – Қазақстанның мәдени келбеті, елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететін рухани елшілерміз, біздің айрықша күшіміз. Осындай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің міндеті.» , - деп Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында жазғандай осындай айрықша күш иелерін тәрбиелеу, өсіру, дамыту, жетістіктерін бағалау, сонымен қатар еліміздің қалалық, аудандық, ауылдық білім беру мекемелерінің өнерлі жас буындарының басын қосып, өзара сайысуына мүмкіндік беру және қатысушы балалар арасындағы сапалы диалогты құру.

Кұрманғазы Сағырбайұлы (1818 - 1889) — қазақ халқының классик күйші-сазгері, төкпе күйдің шебері. Ол қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Жиделі деген жерде дүниеге келген. Оның ұстазы — Ұзақ деген күйші.

Құрманғазы есімі көп ұлтты халықтар арасына кеңінен тараған. Ұлы күйші қазақтың аспапты музыкасын өркендетуге, оның дамуына шексіз үлес қосты. Сазгердің жүрек жарды туындылары көршілес халықтар арасында да танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.
Құрманғазы Сағырбайұлы — халқының мұң-мұқтажын, арман-тілегін, қуанышын өз күйлерінде көрсете білген күрескер күйші. Оның күйлерін тыңдаған адам тебіренбей қоймайды. Белгілі «Адай», «Сарыарқа», «Серпер», «Кішкентай», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Аман бол, шешем, аман бол», т.б. туындылары — халқымыздың баға жетпес рухани байлығы.

Қайталанбас өнер иесі, ірі тұлға, күйші Құрманғазы — қазақ елінің мақтанышы.

Күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлерінде азаттықты аңсап, бостандықты жырлап өткен дара тұлға

Қазақ ұлтының бай мұрасын "Адай", "Балбырауын", "Сарыарқа" және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырған Құрманғазы Сағырбайұлының есімін білмейтін жан жоқтың қасы. Ұлтының бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен күй атасы халқының тәуелсіздікке жетуін армандап кеткен тұлға. 

Ата – бабалар тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз, сондықтан да осы бүгінгі сайысымыздың мақсаты күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін  арттыру.

 Сайысымызға  қала мектептерінен және ауыл мектептерінен  оқушылар қатысуда. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

Кезекпен – кезек жүргізуші шақырып тұрады

 Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

«Аманат» партиясының филиалының төрағасы  Байманов Сағат Мақсатұлы

Аудандық Білім бөлімінің маманы Искакова Гүлайым Абжанқызы

Біржан сал атындағы БММ директоры Куртабиева Гульмира Амангельдіқызы

    Біржан сал атындағы БММ домбыра сыныбының оқытушысы Смаагулов Тастенбек Арыстанбекұлы

Біржан сал атындағы БММ домбыра сыныбының оқытушысы Усанова Жадыра  Болатбекқызы

Жүргізуші: Осы сайысымызды ашып беру үшін құттықтау сөз БММ директоры Куртабиева Г.А. беріледі.

Сайыскерлерімізді қошемет көрсетіп, сахна сыртына шығарып салайық!

Ал, құрметті көрермендер сайысымыздың  өткізу тәртіптері мен шарттарын  таныстырып өтейік, сайыс жас ерекшелігіне байланысты бағаланады, олар кіші, орта және жоғары топтар, ескертіп кететін жағдай осы 3 жас ерекшелігінің ішінен бір ғана бас жүлде болады және топтарға қарай І, ІІ, ІІІ дәрежелі орын болып саналады. Оқушы өзі ойнай алатын аспапта, қалауы бойынша 1 күй орындайды.Әділ қазылар алқасы 10 бал жүйесімен  әр ойыншыны бағалайды.

Бағалау шарттарымен таныс болыңыздар, бірінші орындаушылық шеберлігі, орындалатын күйдің көркемдік деңгейі және сахналық мәдениеті, киім сәні.

Сайысты бірінші боп кіші топ,содан кейін орта топ және де үлкен топ кезекпен сахнаға шығады.

жүргізуші: 

 Домбыра мұнша  шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе – деп Қасым Аманжолов ағамыз  айтқандай бірінші кезекте кіші топтардың өнерін тамашалаймыз. Олай болса, ортаға бірінші сайыскерімізді қошемет көрсетіп қарсы алайық.

Кіші топ :  1. Джусупова Айзере  Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Халық күйі  «Көк дөнен»

Жүргізуші: Келесі сайыскерімізді қошеметпен сахна төріне шақырамыз.

Кіші топ  2 . Жуламан Алина Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Халық күйі  «Арынғазы»

жүргізуші:  Күй — қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қыл қобызын беу — беулетіп, қос ішегіне тербеткен халық, әрқашан осы өнерді пір тұтқан. Саз әуенімен жүрек сырын, ел тағдырын бейнелеген. Қазақта күйші алуан түрлі болған. Олар «Сүт емген, Ит емген » болып бөлінсе, «Сүт емген» күйшілер бесіктен белі шыққаннан, осы өнерді құрметтеп өскен. Оларға қанмен дарыған болса, «Ит емген» күйшілер шәкіртіне бойындағы бар өнерін үйретіп болып, қолдарына аспап ұстамай, өздері дәруіш болып кеткендер.

Жүргізуші : 3. Абдрахманова Малика  Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Халық күйі   «Кеңес»

жүргізуші: Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ,қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

 Жүргізуші: Олай болса сайысымызды ары қарай жалғастыру үшін кезекті  ортаңғы топтың қатысушыларына береміз. 1 . Ғалым Нұрхан  Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Халық күйі  «Арынғазы»

жүргізуші: Келесі сайыскеріміз . 2 Жақсылық Алан  Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Қазанғап «Учитель»

Жүргізуші:  Қазір біреулер дауға айналдырғысы келіп жүрген «Адай» күйінің қалай шыққандығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында жазылды. Онда күйдің Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде Гекке отрядына қарсы күресте табандылық көрсеткен жасақшылар арасындағы Адай руынан шыққан азаматтарға арналып шығарылғандығы, көтеріліске Құрманғазының өзі де қатысып, адайлардың ерлігін өз көзімен көргендігі айтылған. Бүгінде «Адай» күйі Маңғыстаудың гимніне айналып отыр. 3.  Орынбай Асылхан  Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Құрманғазы «Алатау»

 жүргізуші:  4 . Жанат Ханым  Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Н.Тілендиев  «Жекпе-жек»

  Жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық — демекші келесі тыңдайтын күйлеріңіз Малдыбаевтың «Көне Тараз» күйімен алдарыңызда  5 . Ерік Аружан   Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Қарсы алыңыздар!. 

 Жүргізуші: Келесі сайыскеріміз. 6. Анабаева Сания   №1  қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Еңсепов «Шашу» Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Күй өнері сонау Мизам баба, Айыр қалпақ Айдаhар би, Қорқыт бабалардан қалған. Сол байырғы өнер ұмытылмай ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Күй тек қазақта ғана бар. Күйдің де түрлі – түрлісі бар. .7.Ерік Асылжан   Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Исламбек  «Күрішшілер биі»

 Жүргізуші:  8. Бакетова Малика Үлгі ауылының  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Алпысбаев  «Әке арманы» күйін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Асыл – Алтын домбыра

Елімменен сырласар

Құлақ құршын қандырар

Біздің алтын домбыра!   — келесі кезекте жоғарғы топ сайыскерлерімізщ саханаға шығуға дайындалады. Бірінше болып сахнаға 1.   Серикова Аяулым   Абай атындағы №2 қалалық  жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Қазанғап  «Учитель»

2. Нұғман Эльмирав   Макинка ауылының   жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Қазанғап «Ақ желең» күйін  орындайды.

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші? Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан өнерді ұмытпаған, сол ата – бабаларымыз тастап кеткен мұраны жалғастыру біздің болашақ ұрпақтың міндеті.

3. Шокимова Камила  Үлгі ауылының   жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Раздық  «Салкүрең »  қарсы алыңыздар!

4. Нұғман Камила Макинка ауылының   жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Сейтек  «Тойбастар» орындайды.

5.  Бүгінгі соңғы қатысушымыз  Тлеуке Елдана  Үлгі ауылының   жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы  Н.Тілендиевтің   «Жекпе -жек »  қарсы алыңыздар!

 Жүргізуші: біздің бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларымызды сахна сыртына шығарып саламыз.

 

Қазақтың ықылымнан бері қолынан тастамай келе жатқан қасиетті музыка аспабы – домбыраның көмегімен (кейде шертермен де) ойналатын «Ортеке» күйі бар. «Ортеке» жай ғана шертілетін күй емес, ағаштан ойып өрнектеп, текенің бейнесін жасап, оны тұғыр ағашта домбыра шерту арқылы билетеді. Мұны бүгінгі күнгі дамыған техниканың көмегімен жасайтын түрлі қуыршақ кескіндерінің бастамасы деп те айтуға болады.

«Ортеке» күйі арқылы ойналатын қуыршақ ойыны ерте замандарда балаларға домбыра үйретіп, олардың өнерлі болып өсуіне де зор үлес қосқан. Балалардың неге қызықса соны тез үйреніп алатын қасиетін жақсы білген бабаларымыз жаңағыдай қуыршағы арқылы балаларды қызықтырып отырған. 

Ертеде саусағынан саз өрген дала күйшісі болыпты. Бұл адам тек домбыра шанағынан күй төккен өнерінен басқа ши үстінен шіркей атар мерген де болған екен.Күндердің күнінде күйші аң аулап жүріп, бір салмаудағы кішкене тастың үстінен қызғылт күрең жүні күн нұрымен құндыздай жалтырап, құлпырып тұрған тауешкінің марқасын көреді. Тауешкі марқасының тас үстінде буындары сыртылдап, сылқылдап, ойнақ қағып, ешнәрсені қаперіне алмай қамсыз, қайғысыз билеп тұрғанын көріп, қызыға қарап қалады.

Сіздердің алдарыңызда Біржан сал атындағы БММ  домбырашылар ансамбілі Құрманғазы «Адай» күйімен!Қарсыалыңыздар!

 

Жүргізуші: Сахна төріне барлық сайыскерлерімізді шақыруға рұқсат етіңіздер!

Сөз кезегін әділ қазыларға береміз!

Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен біздің  бүгінгі                                                «Тәуелсіздік күні» мерекесіне  орай «Күй атасы - Құрманғазы»  атты  аудандық байқау –фестивалі   өз мәресіне жетті! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 


Текст