Текст
Павлодар облысы Баянауыл ауданында "Жасыбай" демалыс базасында Ақсу қаласының музыка мектебі "Ертіс шапағаты" республикалық-фестиваль байқауы өтті. Біздің мектебіміздің оқушылары байқауға қатысып, өз өнерлерін 20 минуттық концертпен, КАЗНуи профессоры мен облыстық филармонияның режиссерлері алдында көрсетті.Мектебімізден 12 оқушы қатысты.Әр бала инструменталдық, вокалдық және хореографиялық жанрларда өнер көрсетті.Үш күн өткен фестивальда балалар Павлодар облысының сұлу табиғатымен тамсанып,демалып қайтты.Фестиваль қорытындысында мектебіміз "Ұлттық құндылықтарды сақтаған" деген номинациясында граммота алып,75 мың теңгеге сертификат ұтып алды.