"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданының білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының Біржан сал атындағы балалар музыка мектебі" МКҚК
ГККП "Детская музыкальная школа имени Биржан сал города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.11.2018

2018-2019 оқу жылының I - тоқсан қорытындысы бойынша  Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің

оқушылары келесі шығармашылық нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ,  қыркүйек айында Көкшетау қаласында өткен «Қазақстан таланттары»  халықаралық шығармашылық жобасының  жетекшілігімен (Алимова Ж.Т)

ұйымдастырылған  жобада, біздің музыка мектебінен Баймулдина Дильназ  II –  дәрежелі медальмен және дипломмен марапатталды . Мұғалімі Куртабиева Гульмира Амангелдіқызына  алғыс хат табысталды.

Астана қаласында, қазан айында  өткен халықаралық «Astana Grand-Prix»  фестиваль—конкурсында Шайкенов Дамир  лауреат  I – дәрежелі медаль және дипломмен марапатталды. Мұғалімі Романико Виктор Васильевичке  алғыс хат  табысталды.

Қарағанды қаласында  2018 жылдың 3-4 қараша күндері, Қарағанды академиялық  музыкалық комедия театрында,  дарынды балалар мен жастарды қолдау қорымен  Халықаралық «Сарыарқа жұлдызы» балалар

шығармашылығының фестиваль-конкурсы болып өтті. Байқауға  Павлодар облысынан, Ақкөл, Қарағанды  және Степняк қалаларынан  талапкерлер қатысты. Конкурс  вокал, хореография, фортепиано, мәнерлеп оқу, халық аспаптары номинациялары бойынша өтті.

Біздің Біржан сал атындағы  балалар музыка  мектебінен халық аспабы «домбыра» бойынша – Балтабай Аружан - III орын, Тоқсанбаева Әсемгүл - II орын (мұғалімі Мағзұмова М.А), Дюсембеков Ерасыл - II орын, Ерхатова Индира - III орын (мұғалімі Усанова Ж.Б), Балтабек Гаухар - II  орын (мұғалімі Смағұлов Т.А), ал баян аспабы бойынша Пехтерев Николай -  I орынды иеленді. (мұғалімі Кахарова Л.Л).     Барлық оқушылар  Халықаралық үлгідегі  I, II  және  III 

дәрежелі медальдармен, дипломмен марапатталса, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Бұл мектептің абыройы, мақтанышы.

Ұстаздарына шығармашылық табыс, сәттілік, жеңістер тілей отыра, дарынды оқушыларыңыз музыка мектебінің атын шығара берсін демекпін.

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст