2019 жылдың наурыз айының 13 күні Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінде, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында наурыз мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» атты аудандық күй байқауы өтті. Байқаудың мақсаты, қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу және оларды қолдау. Байқау «Үздік күйші» және «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша өтті. Байқау барысында Степняк қаласының, Үлгі және Сәуле ауылдарының, Амангелді орта мектебінің, Краснофлот негізгі мектебінен күй орындаушылары өздерінің өнерлерін ортаға салды. Жас ерекшелігіне қарай өткізіліп отырған сайыста, «Үздік күйші» номинациясы бойынша 5-7 сынып оқушылары I - жас санатындағы топтан, I-орын Кеңашы ауылынан Темірхан Ерсұлтан, II-орынды Степняк қаласынан Құсайын Гүлнәз, III-орынды Амангелді орта мектебінен Балташ Асылайша иеленді. 8-10 сынып оқушылары II – жас санатындағы топтан, I-орынды Сәуле ауылынан Балтабек Гаухар, II-орынды Ардабекұлы Ерұлан, III-орынды Табиғад Байболат Степняк қалаларынан иеленді. Ал, «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша I-орынды Сәуле ауылдарынан Анас Жарас, II-орынды Рахимов Жоламан жеңіп алды. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп, бекер айтылмаса керек. Міне, осындай өткізіліп жатқан сайыстардың арқасында жасөспірімдердің ұлттық өнерге деген қызығушылығының одан әрі дамуына серпін беретініне сенеміз.