2019 жылдың наурыз айының 30-ы күні Көкшетау қаласында Манарбек Бексеитов атындағы ІІІ Аймақтық Жас музыканттар байқауы өтті. Конкурсты ұйымдастырушы - "Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" МКҚК. Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: "Фортепиано", "Қазақ халық аспаптары", "Орыс халық аспаптары", "Домбырамен халық әні", "Музыка теориясы". Байқаудың мақсаты мен міндеттеріне өңірдегі балалар музыка мектептерінің дамуы, олардың білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы рөлін арттыру. Музыкалық дарынды оқушылар мен талантты балаларды анықтау және қолдау, орындаушылық шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін кеңейту.
Бұл байқауға Степняк қаласынан Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінен келесі оқушылар қатысты:
- "Фортепиано" номинациясында (орта буын) Кахарова Алиса
-"Қазақ халық аспаптары" номинациясы бойынша (ересек буын) Ардабекұлы Ерұлан және Табиғад Байболат
-"Орыс халық аспаптары" номинациясында (ересек буын)
Хомяков Андрей.
Сайыс қорытындысы бойынша Кахарова Алиса - "ШАБЫТ" дипломымен, Табиғад Байболат - қатысқаны үшін Дипломмен, Ардақұлы Ерұлан - III дәрежелі дипломмен және Хомяков Андрей II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Біздің қатысушыларымызды құттықтаймыз және оларға шығармашылық жеңістер тілейміз!