"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданының білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының Біржан сал атындағы балалар музыка мектебі" МКҚК
ГККП "Детская музыкальная школа имени Биржан сал города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Областық конкурс "Үздікмқосымша білім беру педагогы "

23.04.2019

2019 жылы 18-19 сәуірде Бурабай ауданында "Үздік қосымша білім беру педагогы"облыстық байқауы өтті. Ақмола облысының 16 педагогы өздерінің кәсіби қабілеттерін, еңбек жетістіктерін көрсетті. Біздің аудан атынан  домбыра сыныбының мұғалімі Усанова Жадыра Болатбекқызы қатысты.

Байқаудың мақсаты педагогикалық шеберлікті арттыру және қосымша білім беру жүйесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарын ынталандыру, сонымен қатар қосымша білім беру жүйесінде инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау болып табылады.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Әр педагог әділқазылар назарына "Менің кәсіби ұстанымым" атты Өзін-өзі таныстыруды ұсынды, содан кейін өз бетінше таңдалған тақырып бойынша өзінің білім беру бағдарламасын ұсынды, сырттай "Қосымша білім беру құралдарымен оқушылардың жеке тұлға дамуына менің көзқарасым" тақырыбында эссе қаралып, төртінші турда жеке портфолио қорғады.

Байқауда әділқазы алқалары материалдар мен баяндамаларға сараптамалық баға беріп, қосымша білім берудің әртүрлі бағыттары бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Нәтижесінде біздің қатысушы белсенді қатысқаны үшін грамотамен және естелік сыйлықпен марапатталды.

   

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст