30 мамыр күні музыкалық мектептің концерт залында салтанатты шараның басталуын күтетін әдемі түлектер, олардың ата-аналары мен оқытушылары жиналды. Биылғы жылы мектеп бітірушісі 10 жылдық мерейтойлы болды: Мерекелік безендірілген сахнада мектептің қазақ және орыс бөлімдерінің түлектеріне салтанатты түрде оқуды аяқтағаны туралы куәліктер табыс етілді және де балалар үздік оқуы, белсенді шығармашылық және концерттік-ағартушылық қызметі үшін грамоталармен марапатталды.
Мерекелік бағдарламаға аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға бірнеше рет қатысқан бітіруші - музыканттардың жеке және ансамбльдік нөмірлері ұсынылды. Оқушылар өз ұстаздарына гүл шоқтарын беріп, алғыс ретінде "Ұстазым"әнін сыйға тартты. Мектеп бітірушілердің ата-аналары көптеген жылы лебіздерін білдірді. Өз балаларының тәрбиесіне белсенді қатысқан ата-аналарға да БММ директоры Г. А. Куртабиева алғыс хаттар табыс етті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектерді 2-3 сынып оқушылары әзіл-сықақ өлеңдерімен, "Тек алға" әнімен құттықтап, құттықтау соңында әр түлекке әзіл-сықақ номинациялары табыс етілді.
Біз түлектерімізді құттықтаймыз және барлығына бақытты жол, еңбексүйгіштік, табандылық, тек қана алға жылжу, алға қойған мақсаттарға жету, өмірде өз орнын табу және әрине, туған мектепті және оқытушыларды ұмытпау тілейміз!