Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
«Сыбайлас жемқорлық» деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетйік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық.
Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.
ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар үшін әртүрлі жазалар қарастырылған.
ҚР ҚК 361 бабына сәйкес Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, 2000 АЕК айыппұл төлеу, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу немесе шектеу жазалары қолданылады.
ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.