Қазақстан композиторларының күйлерін,шығармаларын
орындау мектепішілік байқау
27 - сәуір 2024 жылы
Өту орны: Біржан сал ауданы,Степняк қаласы
Біржан сал атындағы балалар музыка мектебі
ӨТІНІШТЕР 26 – сәуірге ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ.
Байқаудың мақсаты
- Халқымыздың көнеден келе жатқан күйлерін көпшілікке таныту;
- Жас дарындарды анықтау, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру;
- Күй өнерін жас ұрпақ арасына насихаттау болып табылады.
- Ұлттық композиторлардың шығармаларын насихаттау
Конкурстың міндеттері
*балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, ұлттық аспаптар мен ұлттық күйді дәріптеп, күй өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу;
*өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу.
БАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
Байқауға ауданның өнерпаздары (жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, қатыса алады:
Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары
Кіші топ : 7-10 жас
Орта топ : 11-13 жас
Жоғарғы топ: 14-16жас
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Қазылар алқасының құрамы музыка мектебінің ұстаздарынан құрылады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі!
•Әділ-қазылардың ұйғарымымен бойынша берілетін орын саны көбейтілуі мүмкін және "Бас жүлде" иегеріне лайық конкурсант болмаған жағдайда, аталған жүлдені бермеуге әділ-қазылардың құқы бар. Әділ-қазының шешімі қатысушының көзінше талқыланбайды. Әділқазы мүшелері номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.
• үшінші адамның авторлық құқықты бұзуы;
• мазмұны моральдық-этикалық қағидаларға сәйкес келмеуі.
Қатысушылардың өнерін бағалау критерийлері:
•Орындау техникасы
•Көркемдігі және өзіндік ерекшелігі
•Таңдалған стильге сәйкестігі
•Күйдің таңдалған бағдарламаның қатысушының жасына сәйкестігі
• Музыкалығы және ырғақтығы