2024 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасында
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған
«Алтын балалық шақ» декадасын өткізу
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жаздың бірінші күніне сәйкес келеді және 1950 жылдан бері бүкіл әлемде мерекелейді.
Балаларды қорғау күні – бұл балалық шақтың жарқын, көңілді мерекесі ғана емес, сонымен бірге қоғамға баланың құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін жағдай жасау қажеттілігін еске салу.
Республикада 6 миллионнан астам бала (0 жастан 18 жасқа дейін) тұрады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі.
Балалардың мәселелерін шешуге және олардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани және физикалық дамуына жәрдемдесуде қоғамның тұрақты назарын қалыптастыру мақсатында «Алтын балалық шақ» декадасын өткізу жоспарлануда.
«Алтын балалық шақ» декадасын өткізудің бастамашысы және үйлестірушісі – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
«Алтын балалық шақ» декадасы аясында республиканың барлық өңірлерінде орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар мен сарайлар, ойын-сауық кешендері балалардың игілігіне беріледі. Бұл күндері балалар жарыстардың, концерттік қойылымдардың, спорттық жарыстардың, жарқын театрландырылған қойылымдардың және т.б. негізгі қатысушыларына айналады.
Декаданы ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
Декада іс-шараларына қатысушылар: балалар, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қауымдастығының, бизнес құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ және т.б.
Декада іс-шараларын өткізу орындары: республиканың барлық елді мекендеріндегі алаңдар, стадиондар, скверлер, саябақтар, ботаникалық бақтар, мектеп, аула және басқа да орындар.
«Алтын балалық шақ» декадасы 2024 жылғы 1 – 10 маусым аралығында «Балаларды махаббатпен қорғайық» ұранымен өткізіледі және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бірқатар негізгі шараларды қамтиды. Мерекенің барлық іс-шаралары логикалық түрде өзара байланысқан және оның идеялық өзегі болып табылады.
«Алтын балалық шақ» декадасының негізгі іс-шаралары
I. «Бақытты балалық шақ!»
Балаларға олардың құқықтары мен міндеттері туралы іс-шаралар, тренингтер, әңгімелер, сараптамалық байқаулар, интерактивті ойындар, викториналар өткізу. «Азамат болуға үйренеміз», «Жұлдыз бол!», «Адал бол!» пікірсайыстар, пікірталас алаңдарын ұйымдастыру. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» мерекелік концерттік бағдарламалары, «Open Air» - «Әншуақ» балалар әндерінің қазақ тіліндегі концерттері.
II. «Отбасы аясында» (отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау).
«Біз бәріміз балалық шақтанбыз...» отбасылық фотосуреттер байқауы, «Біз – отбасымыз, демек, жеңіске жетеміз!» көңілді старт, «Анам, әкем, мен – шығармашыл отбасы!» отбасылық шығармашылық көрмесі, «Сүйікті кітаптар» отбасылық әдеби квест.
III. «Таланттар шеруі»
Сурет, қолөнер, музыка, фотосурет, робот техникасы, би – шеберлік сабақтары.
«Өнерлі қолдар», «Бүлдіршіндер – үлкен таланттар» балалар суреттері мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесін ұйымдастыру.
Фестивальдер, «Көңілді балалық шақ» балалар шығармашылық байқаулары.
«Кішкентай ғажайыптар мерекесі» гүл кеші.
Әртүрлі тақырыптар бойынша сайыстар мен викториналар өткізу.
Театрларға, мұражайларға, кітапханаларға және балаларға арналған көрмелерге бару.
IV. «Денсаулық лигасы»
Белсенді өмір салтын сақтау үшін таза ауада спорттық шаралар мен ойындарды ұйымдастыру.
Жеңіл атлетикадан эстафеталар, бұқаралық спорттық жарыстар, футболдан, волейболдан және баскетболдан жолдастық кездесулер, балабақша тәрбиеленушілері арасында велосипед жарыстары, спорт мектептері оқушыларының көрсетілімдері, баскетболдан, стритболдан, брейк-данс, картингтен, авиациялық жарыстардан аула клубтарының бұқаралық жарыстары, атақты спортшылармен кездесулер «Интернетсіз күн – ойын, спорт және ойын-сауық күні» республикалық челленджбен аяқталады.
V. «Бірлік – тірлік тірегі!»
«Біздің батырлар», «Патриот болу беделді», «Өлкетану» тарихи-өлкетану іс-шараларын, тақырыптық байқаулар, көрмелер, квесттер өткізу.
«Туған жердің дәстүрі мен қолөнері», «Салт-дәстүр қазынасы» көрмесін ұйымдастыру.
VI. «Кәуіпсіздік пен мейірімділік әлемінде»
«Балаларға қауіпсіз интернет күні» интернет қауіпсіздігі және балалардың кибербуллингінің алдын алу бойынша шеберлік сабақтарын өткізу.
Балаларға өзін-өзі қорғау дағдыларын үйрету және балалар зорлық-зомбылығының алдын алу – тренингтер, іскерлік ойындар.
Қақтығыстарды шешу бойынша тренингтер өткізу.
«Көшедегі балалардың қауіпсіздігі күні» балаларға жол қозғалысы ережелерін үйрету.
Күнделікті өмірде зорлық-зомбылық пен жанжалдан қалай аулақ болу керектігі туралы талқылаулар ұйымдастыру.
Ата-аналарға балаларды буллингтен, онлайн қорқытудан қорғау әдістері туралы презентациялар мен талқылаулар өткізу.
VII. «GARMONIA»
«Жасыл бағыттар» экоденсанттар, «Біз болмасақ, кім?!» экологиялық акциялары: гүлзарлар отырғызу, қоқыстарды тазалау, жас натуралистер станцияларында жұмыс, «Табиғат білгіштері» викторинасын өткізу, «Қызыл кітап» көрмесі.
YIII. «Досыңа қуаныш сыйла»
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларды қолдау үшін заттар, балаларға арналған кітаптар мен ойыншықтарды жинау бойынша қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру.
Әртүрлі әлеуметтік-мәдени топтардағы балалар арасында кездесулер мен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру. «Жақсылық жолында» волонтерлік жұмыс.
Панажайларға бару және көмек көрсету.
IX. «ZHAZ ONLINE»
«Әлем бала көзімен», «Ғажайып жаз!» тақырыптарында бейнероликтер жасау, әлеуметтік желілерде жариялау, «STOP кадр» (менің жексенбілік күнім) челленджі, блог жүргізу.
Концерттер, байқаулар, шеберлік сағаттар, көрмелер, хореографиялық ұжымдардың карнавалдық шерулері, шығармашылық фестивальдер, театрландырылған қойылымдар, би шайқастары, флешмоб және басқа да ойын-сауық, білім беру іс-шараларын өткізу.
X. «Атадан балаға мұра»
Белгілі қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының балалармен кездесулері, әңгімелерді бірлесіп талқылауы, өлеңдер оқу және т.б. мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың назарын баланың мәдени дамуына, оның ішінде балалардың кітап оқуы – өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу, шығармашылықты кеңінен насихаттау, балалар әдебиеті саласының дамуын ынталандыру саласындағы басым міндеттер. Іс-шаралар фильмдер көрсетілімі, викториналар және байқаулар түрінде өткізілуі мүмкін. Мұндай шараларды өткізуге қолайлы орындар – мәдениет ошақтары мен кітапханалар.
«Алтын балалық шақ» декадасын ақпараттық қамтамасыз ету бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауды көздейді.
Ұлттық және спорттық ойындардың алуан түрлері, қызықты репертуар, қазақ тіліндегі әндердің өзіндік орындалуы, түрлі этностар мен ұлттардың билері, театрландырылған көріністер, ұлттық аспаптарда ойнау, мәдениет, өнер, білім, спорт саласындағы белгілі қоғам қайраткерлерімен кездесулер, мұның бәрі балалық мерекелік шақты ең жарқын және есте қаларлық көріністердің біріне айналдырады.
Мерекелік іс-шараларға қатысу балалардың, ата-аналар мен педагогтердің шығармашылық жетістіктерінің, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін білуінің жарқын көрінісі болып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.