Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты
Қазақстан халқына жолдауын мектеп директоры Г.А. Куртабиевамен талқылап өтті.
Гульмира Амангелдіқызы жолдаудың барлық 10 мақсатына тоқталып, өтті.
Ерекше көңілді №7 мақсатқа бөлінді. Өйткені, ол – білім саласын дамытуға негізделген мақсат. Адами капитал – сапасын жақсарту. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Музыка мектебінің ұжымы Президенттің жолдауын қолдап, заманға сай барлығымыз бірігіп, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаудың тарихи өрлеуін іске асыруға дайын екенін айтты.