"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданының білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының Біржан сал атындағы балалар музыка мектебі" МКҚК
ГККП "Детская музыкальная школа имени Биржан сал города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.12.2017

16 желтоқсан барлық еліміз Қазақстан Республикамыз тәуелсіздік күнін тойлады. Осы салтанатты күнде Астана қаласында  I халықаралық ашық «Аяулы Астана» атты фестиваль- байқауы өтті.

Қазақстанымыздың барлық тұрғандары, менің ойымша, астана қаласының оқушыларында өз Оқушылар сарайы бар екенін біледі.

Фестиваль –байқауында жастар орталығы өзінің шаңырағының астында 20 номинация арасында, әр түрлі жас категориясында қатысушыларды  жинады. Байқау ұйымдастырушылары фестивальды мерекелік, достық атмосферада,  түрлі елдер мен қалалардан келген қатысушылардың шығармашылық, мәденит байланысын

нығайту мақсатымен өткізді.

Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінен 8 оқушы қатысты. Жеңу үшін – жұмыс жасау керек, сондықтан да байқауға қатысу мүмкіндігі – аспапта көп ойнап, дайындалуға ынталандырады.Ұстамдылық пен байсалдықты сақтау, көп дайындық біздің қатысушыларымызға жеңіс әкелді.

Касенова Дария  - I орын фортепиано номинациясы (мұғалімі Турубаева Б.Е.)

Сансызбай Аружан - I орын фортепиано номинациясы (мұғалімі Куртабиева Г.А.)

Дюсембекова Аида және Махамбетова Жансая - I орын фортепиано номинациясы (мұғалімі Антонова Т.А.)

Пехтерев Николай  - I орын баян номинациясы (мұғалімі Кахарова Л.Л.)

Давыдов Дмитрий - I орын гитара номинациясы(мұғалімі Романико В.В)

Жақсылық Алуа - II орын фортепиано номинациясы(мұғалімі Турубаева Б.Е.)

Ең кішкентай оқушымыз Тастыбай  Айгерім өзінің  жасына қарамастан Iiорын иегері атанып, күміс медальға ие болды. Осындай тәжәрибе балаларға өте пайдалы, мінезді шынықтыруға, өзін-өзі бағалау, сахнада қорқпауға көмектеседі. Байқау балалар жадында мәңгіге қалады.

Біз оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз, әлі талай белестерді бағындыруға тілектеспіз.

 

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст