10 сәуір мектебімізде біздің кішкентай музыканттар қабылдау рәсімін өтіп, "Жас музыкант" мәртебесіне ие болды.Бүлдіршіндер әр түрлі теориялық сұрақтарға жауап беріп,7 ай ішінде өз таңдаған аспапта үйренген өнерін сахнаға шығып көрсетті.Ата-аналары демеу болып,әр болашақ әртіске шапалақ ұрып қарсы алды.Осы мереке балалардың саханаға шыққан бірінші қадамы болғандықтан қобалжу да болды, бірақ кішкентай музыканттарымыз оны жеңіп өз өнерін керемет көрсетті.Ертегілер әлеміне саяхат жасап, Мажор және Минор ладтарымен бірге жұмбақтарды
шешіп,шашылып қалған ноталарды жинап,скрипка кілтімен, өлшеммен бірге Музыка періштесін қарсы алды.Музыка періште балаларды музыкантқа қабылдап, "Жас музыкант" куәлігі мен төс белгі сыйлады.Мереке өте қызықты өтті,балалар енді бар ықыласпен өз аспаптарда үйренеді және де оны толық меңгеріп шығуға тырысады деп ант берді.Хормен ән айтып,тақпақ айтып мерекені әрі қарай жалғастырды.