Текст
Олимпиадаға 3,4, 5 сыныптардан 9 оқушы қатысты. Қатысушылар ғылыми жобаларын «Менің сүйікті аспабым», «Менің сүйікті шығармам» және «Менің ұлы отандасым» тақырыбында қорғады. Тыңдалым нәтижелері бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен және I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар: Қасен Алиман - 1 орын, Афанасьева Влада мен Мағжан Жұлдыз - 2 орын, Азнабаева Сара мен Тастыбай Ақерке - 3 орын. Музыкалық әдебиет бойынша VII Республикалық олимпиаданың негізгі кезеңі Қазақ ұлттық өнер университетінде қашықтықтан ресми YouTube каналы арқылы өтеді.