"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданының білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының Біржан сал атындағы балалар музыка мектебі" МКҚК
ГККП "Детская музыкальная школа имени Биржан сал города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен, тәтті күй...» шығармашылық кеш

11.06.2025

Жүргізуші:

 Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. «Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен, тәтті күй...» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер!  Бүгінгі шығармашылық кешімізді қазақтың өнер саласы мен әдебиет саласының ұлы тұлғалары Нұрғиса Тіліндиевтың 100 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арнаймыз.

 «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»  демекші, Домбыра – қазақ мәдениетінің басты нышандарының бірі.  Қазақтардың түсінігінде домбыра – тірі аспап: ол туралы музыканттар: «дейді», «деді», «деген екен» деп айтады. Оның көптеген эпитеттері бар: «қазақ музыкалық аспаптарының патшайымы»; «қазақтың жүрегі мен жаны»; «көшпелі қазақтардың бесігі»; «қазақ халқының адал серігі»; «қазақ халқының өмірі мен тынысы», және де бүгінгі кешіміздің себепкері екені сөзсіз. Нұрғиса ағамыз да, Абай атамызда домбыраға деген құрметін, махабатын өз шығармашылығында көрсеткен.

 1) Ендеше,  кешімізді  домбырашылар ансамбілінің орындауындағы «Домбыра» шығармасынан бастайқ . Асланбек Сұлтанбек «Домбыра» орындайтын  домбырашылар ансамбілі.

2025 жылдың 1 сәуірінде қазақтың біртуар композиторы, күйші, дирижер әрі халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толып отыр. Н.Тілендиев  көрнекті композитор, Қазақстанның халық қаһарманы, дәулескер күйші, «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрдің негізін қалаушы.  Бұл — қазақ музыкасының алтын дәуірін қалыптастырған, ел рухын аспандатқан дара тұлғаның ғасырлық мерейтойы. Нұрғиса атамыздың шығармашылығы — тек ән мен күй ғана емес, тұтас бір ұлттың рухани жадын сақтап қалған өнер мұрасы.

Сіздердің назарыңызға Н.Тілендиевтің «Махамбет» күйін тамашалауға шақырамын. Күй «Отырар сазы» оркестрдің орындауында, дирижер Н.Тілендиев (видео)

  1.  Келесі шығарма, Нұрғиса ағамыздың «Ата толғауы»  күйі  атақты ақын, жыршы  Жамбыл Жабаевқа арналған. Мектебіміздің домбырашылар ансамбілінің орындауында «Ата толғауы» күйі.

2025 жылы қазақ ǝдебиетінің ұлы тұлғасы, ақын жǝне ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой ұлы ақынның шығармашылығын, оның қазақ ǝдебиеті мен мǝдениетіне қосқан үлесін есĸе алу, жаңа ұрпаққа насихаттап, жеткізі біз  үшін  өте маңызды.

 

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -

деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

  1. Құлақтан кіріп, бойды алар,
    Жақсы ән мен тәтті күй.
    Көңілге түрлі ой салар,
    Әнді сүйсең менше сүй,
    демекші, Абай Құнанбаевтың «Көзімінің қарасы» атты әнін Армиев Диастың орындауында қарсы алайық!

Ағаш жапырақтары сарғайып, күн нұрын сирек шашып, күңіреніп күз жеткенде құстар жылы жаққа қайтып кетеді. Осы бір табиғи құбылысты дара тұлға Нұрғиса Тілендиев «Құстар қайтып барады» әнге салған еді.

1965 жылы ол кезде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атағы бар ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиев Қазақфильм киностудиясында музыкалық бағдарламалардың бас редакторы қызметін атқарған екен. Бірде жұмыстан шығып, көңілсіз күйде үйіне қарай тартады. Сірә, жұмыста бір дүниеге көңілі толмаса керек. Алматыдағы 28-Панфиловшылар саябағына аяңдай келіп, орындыққа отырып, айналасына қарай бастайды. Кенет көзіне ұшып жүріп, ағашқа келіп қонған тырна түседі. Жаңа қонған тырнаға ағашта отырған өзге құстар, оның ішінде қарғалар тыныштық бермейді. Қайта-қайта келіп, шоқып, мазасын алады. Құстардың бұл әрекетін көрген сазгер: «Адам мен құстың өмірі қандай ұқсас» деген ойға келеді. Саябақтағы оқиға сазгер жүрегінде қалып, көңіліне тигені соншалықты, ол «Құстар қайтып барады» әнін дүниеге әкеледі.

  1. Серикова Аяулымның орындауында «Құстар әні» концертмейстер Антонова Т.А.

Жүргізуші: Н. Тілендиев арамызда жоқ болғанымен шығармалары бүгінгі күнге дейін бәрімізге қуаныш сыйлайды. Нұрғиса Тілендиев туралы «Құдай берген дарындылығы бар» деп айтамыз. Оның дарынды туындылары уақыт өте өз өзектілігін жоғалтпай, шығармашылығы ең жоғары бағаларға лайықты деп дәлелденген. Нұрғиса Атабайұлы өз шығармаларын ұлттық әуендермен және заманауи мелодияларымен ұштастыра білді.
Күйін тартса сыңғырлап
Құлағыңа сыбырлап
Жатқандай бір нәзік үн

Оятады тұр – тұрлап
5) Н. Тілендиевтің күйі «Жекпе жек» орындайтын Тлеуке Елдана
Абайдың әндерінен бөлек күйлері де бар екені екінің біріне белгілі емес. Абайдың өнер жайлы ән – күй туралы жазған өлең – жырлары өте көп. Олар ел арасына ғибрат аларлықтай нақыл  сөздердің маржанындай шашылып тараған. Абайды аталмыш тұлғалардан бөліп айтар бір ерекшелік оның әндері әуен саздылығымен, ырғақ – бітімімен қайталанбас жаңа өрнекпен кестеленген. Сондығынан да оның әндерін кез – келген халық әнінің әуенімен айтуға болмайды.

  1. Абайдың күйі «Тор жорға» орындайтын Тлеуке Елдана

Жүргізушы:  «Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Өлеңде  пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән.

  1. Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» орындайтын ансамбль, жеке дауыста Жақсылық Алуа


Жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол – 500 - ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырды: ән, күй, романс, уветюра, поэма, кантата, опера, балет т. б.
Сүйікті шығармаларынан «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу - нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

  1. Сол әндердің бірі «Келе жатыр құс қайтып » әні домбырашылар ансамбілінің орындауында, жеке дауыста Жақсылық Алуа

Жүргізуші: «Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрек, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді». Өлмейтін тек өнер деген екен. Н. Тілендиевтің өнері,Абай атамыздың данасөздері, өнергеқалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады.

  1. Бүгінгі шығармашылық кешімізді Н.Тілендиевтің аналарымызға арналған «Құттықтаймын мама, туған күнімен» атты  балалар әнімен аяқтаймыз. Әнді мектебіміздің кіші хоры орындайды.Қарсалыңыздар!

Кешіміз аяқтылды, назарларыңызға рахмет!

 

Просмотров: 5

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст